Басты бет / Философия және саясаттану / Философия / Раев Даулетбек Садуакасович
Раев Даулетбек Садуакасович
Лауазымы: профессор м.а.
Раев Дәулетбек Садуақасұлы 1981 жылдан бастап әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де қызмет етіп келе жатқан,
философия ғылымдарының докторы дәрежесі бар (2004 ж., әлеуметтік философия мамандығы). Ол 1981
жылы С.М. Киров атындағы ҚазМУ-дің философия мамандығын бітірген. 1994 жылы кандидаттық
диссертациясын қорғап, 1997 жылы доцент атағын алды. Д.С. Раев университеттегі басшылық
қызметтерде мол тәжірибе жинақтады: Шығыс филологиясы факультетінің деканы (2006–2007 жж.) және
Халықаралық қатынастар факультетінің деканы (2007–2018 жж.) қызметтерін атқарды. Декандық кезінде
жаңа мамандықтарды, соның ішінде «Дінтану», «Шығыстану», «Мәдениеттану» және «Халықаралық
құқық» (магистратура) сияқты білім беру бағдарламаларын ашуға тікелей атсалысты. Профессор Раев –
«Қазақ шешендік өнері» тақырыбындағы маңызды монографиялардың (2001, 2015 жж.) авторы, сондай-
ақ 2011 жылы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын иеленген. Ол «Рухани жаңғыру»
бағдарламасы аясындағы «100 жаңа оқулық» жобасының редакциялық алқасының және бірқатар
оқулықтардың ғылыми редакторы ретінде үлкен үлес қосты. Қазіргі уақытта диссертациялық және
әдістемелік кеңестердің мүшесі, университет қабырғасындағы барлық істерде белсенділік танытатын,
әріптестер мен студенттер арасында беделді, жауапкершілігі жоғары маман ретінде танымал.
Бірінші жоғарғы білімі
| Білім беретін мекеме | Квалификация | Аяқталу күні |
|---|---|---|
| С.М.Киров атынд.ҚазМУ | Жоғары | 1981 |
Ғылыми дәрежесі
Ғылыми атағыңыз
| Ғылыми атағыңыздың атауы | Тағайындалған күні |
|---|---|
| доцент | 11.07.1997 |
Scopus
Автордың құжаттары
Дәйексөздер
H-index
0
0
0
Belt and road: Benefits and prospects for kazakhstan
Tokeyeva, A., Rayev, D., Dauen, D.
2020
Central Asia and the Caucasus
21, с. 70-80